Дәрігер кенеден қалай сақтану керегін айтты

11 Сәуір 2021, 18:44
3864
Бөлісу:
Дәрігер кенеден қалай сақтану керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктем келді. Далада серуендейтін адамдар қарасы көбейді. Біреулер тіпті табиғат аясында демалып жатыр. Дегенмен көктеммен бірге кенелердің де оянатынын бірі білсе, бірі білмейді. Бұл қауіпті жәндіктен қорғану үшін алдын алу шараларын қолға алу қажет.

«РЖД-Медицина» терапия бөлімінің меңгерушісі, терапевт-дәрігер Николай Долда кенелерден қалай қорғану керек екенін түсіндірді, деп хабарлады РИА «Новости».

Айтуынша, орманға немесе нулы, яғни ағаш-терегі көп жерге барған кезде жеңі ұзын ашық түсті киім киген дұрыс. Ал киімнің жеңі резеңкемен болғаны жөн. Бұдан бөлек сырт киімнің капюшоны болуы керек. Сонымен қатар шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу қажет. 

Дәрігердің айтуынша, киімді жәндіктерді үркітетін репелленттермен өңдеу артық болмайды.

Үйге келгеннен кейін киімді және денені мұқият қарап шығу керек. Атап айтқанда мойын, шап, құлақ ішін жіті тексерген жөн.

Долдоның сөзінше, кене энцефалитіне қарсы вакцина адам үшін ең тиімді қорғаныш болады.  

Алайда егер кене шағып алған жағдайда, бірден емханаға жүгіну керек. Егер бұндай мүмкіндік болмаған жағдайда жәндікті мұқият алып тастау қажет. Бұл ретте кенені әрі-бері қозғауға немесе қысуға болмайды. Кененің орнын йодпен немесе спиртпен сүрту керек.

Жұқпалы ауруларға зерттеу үшін кенені сақтап қоюға болады. Оны аузы жақсы жабылатын кішігірім шыныдан жасалған ыдысқа салып қою керек. Дәрігерге апарғанша, оны тоңазытқышта сақтау қажет.

Биологиялық ғылымдар докторы, энтомолог Анатолий Захаровтың айтуынша, бұл жәндіктер қалада қар ерісімен пайда болады. 

Өзгелердің жаңалығы