Эндокринолог және гастроэнтеролог Диляра Лебедева бидай ұнының адам ағзасына қандай қауіп төндіретінін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ол Telegram-каналында жазды.
Оның сөзінше, бидай ұнының биологиялық құндылығы жоқ. Оның құрамында желімше (клейковина) ішектің түкті қабатында жинақталып, пайдалы заттектердің толық сіңірілуіне кедергі келтіреді. Сонымен қоса бұндай ұнның калориясы жоғары болады.
Эндокринолог мүмкіндігінше бидай ұнын күріш, қарақұмық ұнына алмастырып отырған жөн дейді. Әсіресе бұл семіздікке бейім, глютенге аллергиясы бар және қан диабетіне шалдыққан адамдарға қатысты.