Дәрігер антиваксерлерге емес, ғылыми деректерге сенуге шақырды

13 Тамыз 2021, 10:11
5656
Бөлісу:
Дәрігер антиваксерлерге емес, ғылыми деректерге сенуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, дәрігер Алмаз Шарман айтты.

Дәрігердің айтуынша, оған жұмыс барысында коронавирус инфекциясына қатысты ақпараттардың анық-қанығын білу үшін адамдар көп жүгінетін көрінеді. Дәрігер дәлелденген ғылыми деректерге ғана сенуге шақырды.

Маған кейде «Осындай деректер бар екен, осындай дәрігер былай деді. Бұл қаншалықты рас?» деп көп адам хабарласып жатады. Ол адамдардан ғылыми дәлелді деректерді көрсетіңізші. Қай жерге жарияланыпты деп сұраймын. Вакцинаға қарсы ұстанымдағы бірде-бір адам дәйекті ғылыми мақаласын көрсете алмайды. Өздерін көрсеткісі келетін дәрігерлер де бар. Құпия дүниелерді жариялап, ұпай жинағысы келіп жатады. Оларға сенудің қажеті жоқ, - деді америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі.

Медицина саласында мол тәжірибесі бар дәрігер кез келген ақпаратқа аса сақтықпен қарау қажеттігін алға тартып отыр.

Мен осы салада жылдар бойы жұмыс істеп келе жатырмын. Менің негізгі дереккөзім – вакцинаға, медицинадағы жаңалықтарға қатысты барлық клиникалық зерттеуді шығаратын The Lаncet журналы. New England Journal of Medicine журналы да құнды деректерді жариялап отырады. Мен барлық дерекке талдау жасап, синтездеп, осы деректерді қазақстандық оқырмандарға жеткізуді жөн санаймын, - деді Алмаз Шарман.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі дәрігер вакцинаның бала сүюге әсері қандай екендігі туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы