Дархан Қыдырәлі: Жастар ресурстық орталықтары барлық өңірде ашылуы керек

13 Қаңтар 2023, 11:02
778
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі: Жастар ресурстық орталықтары барлық өңірде ашылуы керек
Фото: newtimes.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Дархан Қыдырәлі жастарға жасалған жағдай туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде жастар саны – 35 жасқа дейін ұлғайған болатын. Осы санатта еліміздегі жастар саны 6 млн-ге дейін көбейген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023-2027 жылдарға арналған «Мемлекеттік жастар саясаты» тұжырымдамасы әзірленіп, ашық талқылауға ұсынылды. Ал осы тұрапта жастар ресурстық орталықтарының маңызы зор.

Елімізде жастар ресурстық орталықтарына бір жыл ішінді түрлі мәселелермен 400 мыңнан астам жастар жүгінген. Сондықтан осындай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылуы керек,- дейді министр.

Сондай-ақ 2022 жылы жастар практикасынан өту мерзімі 6 айдан 12 айға дейін,бірінші жұмыс орны жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Бұл жастар үшін тәжірибе алуға және табыс табуға жақсы мүмкіндік.

Жастардың бизнес бастамаларын қолдау мақсатында да мемлекет мүмкіндіктерді ұсынды.

2022 жылы «Jas Project» жобасы жүзеге асырылды. Онда 1 млн теңгеден 250 грант бөлінді. Бұл грант жыл сайын беріледі және оның көлемін ұлғайту жоспарлануда,-деді Дархан Қыдырәлі.

Министрдің сөзінше, жастарға жасалып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Былтыр Қазақстан жастардың жаһандық даму индексінде 63-орыннан 54-ші орынға көтерілген.

Өзгелердің жаңалығы