Дархан Қыдырәлі Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысымен кездесті

Кеше, 20:08
160
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысымен кездесті
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Әбу-Дабиде Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор жүздесу барысында Бас хатшыға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың ізгі тілектестігін жеткізіп, биыл қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне ресми шақыруды табыс етті.

Мұхаммед Әбделсалам өз кезегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамаларының маңыздылығын ерекше атап өтіп, Қазақстан Парламенті Сенатының спикеріне шақыру үшін алғысын білдірді.

Тараптар сондай-ақ Астанадағы Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бөлімшесінің қызметі мен алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Осы тұрғыда діни төзімділік пен түрлі мәдениеттер мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамалар мүмкіндігі қаралды.

Өзгелердің жаңалығы