Дархан Қыдырәлі: Еуропада кейбір мемлекеттер жасына байланысты хиджабқа шектеу қойған

28 Тамыз 2023, 10:45
5792
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі: Еуропада кейбір мемлекеттер жасына байланысты хиджабқа шектеу қойған
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Бұл жайында «Өзекті» бағдарламасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарлама жүргізушісі министрге «Қоғамда қыз балалардың мектепте оранып баруына рұқсат берілуі керек пе, жоқ па деген мәселе қызу талқыланып жатыр. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында осындай толқудың пайда болуына не себеп деп ойлайсыз» деп сұрады.

Дархан Қыдырәлі зайырлық принципі еліміздің басты ұстанымы екенін атап өтті.

Кейбір қоғамдық пікір қалыптастырушылар манипуляцияға итермелейтін сияқты. Мәселен кейбір желі қолданушылары бұл мәселенің халықаралық тәжірибе мен әлемде шешімін тапқан кесіп жазған екен. Меніңше, бұл фейк ақпарат. Өйткені кейбір дамыған зайырлы мемлекеттер, мысалы Франция, Австрия секілді елдер хиджабқа шектеу қойған. Әрине оған рұқсат ететін елдер де бар. Сол себепті бұл істе халықаралық тәжірибенің әрқилы екенін көреміз. Әрбір мемлекеттің өзінің ұстанымы мен тәжірибесі бар. Осы тарапта біздің өз ұстанымымыз бар ол зайырлыққа және Ата заңымызға бағыну, - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мәселе білім туралы заңда нақты көрсетілген. Сондай-ақ еліміз діни сенім бостандығына да құрметпен қарайтынын айтады.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме, жоқ па?" деген сұраққа жауап бергенін айта кетейік. 

Өзгелердің жаңалығы