Дархан Қыдырәлі Әзербайжан спорт министрімен кездесу өткізді

10 Наурыз 2023, 14:01
801
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі Әзербайжан спорт министрімен кездесу өткізді
PHOTO
Фото: ҚР АҚДМ баспасөз қызметі

Министр Д.Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибовпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Қыдырәлі бұл кездесудің маңыздылығын атап өтіп, екі министрліктің басты бағыттарының бірі - жастар саласындағы жұмыстарға тоқталды.

Жастардың дамуына Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында айрықша көңіл бөлді. Мәселен, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. Осылайша, біз жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды 1,5 есе 3,7 млн адамнан 5,7 млн адамға дейін кеңейтеміз, - деді Қыдырәлі.

Оған қоса министр Қазақстанда жастар ресурстық орталықтары дамып жатқанын әрі волонтерлікке де ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.

Дархан Қыдырәлі Әзербайжан спорт министрімен кездесу өткізді

Айта кету керек, екі елдің жастары тұрақты негізде халықаралық іс-шараларға белсенді қатысады. Мәселен, өткен жылы Қазақстанда өткен Орталық Азия Волонтерлер форумы жастарға арналған бірегей алаңға айналды. Ал биыл олар Халықаралық волонтерлер форумы, және Түркі мемлекеттері ұйымы Бас Ассамблеясының жастар платформасы аясында өзара жолығып, тәжірибе алмасып, пікірлеседі.

Өз кезегінде Фарид Гаибов екі ел және ведомство арасындағы қарым-қатынас беки түсетініне сенім білдірді.

Дархан Қыдырәлі Әзербайжан спорт министрімен кездесу өткізді

Екі елдің арасында тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз осы байланысты одан әрі дамытып, жастар саласында бірге жұмыс істеуге әзірміз. Жастар тәжірибе алмасып, ортақ жобалар жасаса деген тілегім бар, - деді Гаибов.

Өзгелердің жаңалығы