Даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің рухына құран бағышталды

25 Тамыз 2024, 11:36
465
Бөлісу:
Даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің рухына құран бағышталды
Фото: gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, белгілі имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы, облыстық мәслихат пен ардагерлер кеңесінің төрағалары Алматы қаласындағы «Кеңсай» зиратына барып, данқты спортшы, біртуар тұлға, Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің рухына құран бағыштады. Рәсімге тұлғаның жақын туыстары да қатысты.

Бұдаң соң, Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің рухына ас берілді.

Еске алу шарасына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, жамбылдық спорт саласының ардагерлері мен шеберлері, бапкерлер, өнер майталмандары және марқұмның туған-туыстары, бірқатар замандас достары жиналды.

Басқосуда алдымен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз алып, тұлға туралы орамды ойларын ортаға салып, оқылған құранның қабыл болуын тіледі.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің өнегелі өміріне, биік болмысы мен парасаттылық, адамгершілік қасиеттеріне тоқталып, елеулі ерлігі мен еңбегін баса айтты. Бұдан бөлек, өңір басшысы данқты спортшының арманын 44 жылдан кейін орындап, Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтің де тарихи жеңісін ерекше атап өтті.

Облыс әкімі Елдос Сметовті күтіп алуға, сый-сияпат жасауға атсалысқан бірқатар демеушілер мен өнер жұлдыздарын марапаттап, алғыс айтты.

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, Жақсылық Әмірәліұлының жұбайы Күлпан Үшкемпірова және ағайын-туыстары, өнер жұлдыздары, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен күміс жүлдегері Демеу Жадыраев сөз алып, тұлға туралы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Ақ бата беріліп, тұлға рухына құран бағышталды.

Өзгелердің жаңалығы