Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Даңқ мемориалы жанында билеген қыздардың ата-аналары айыппұл төлейді – Павлодар

16 Мамыр 2025, 03:41
605
Бөлісу:

Павлодарда Даңқ мемориалы жанында ыңғайсыз би билеп, әлеуметтік желіде жүктеген қыздардың ісіне нүкте қойылды. Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қыздардың ата-аналарына айыппұл салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 2 мамырда сағат 16:00 шамасында кәмелетке толмаған төрт қыз Павлодар қаласындағы Жеңіс алаңында болып, Даңқ мемориалы жанында әдепсіз би билеп, оны видеоға түсірген. Кейін бұл бейнероликті әлеуметтік желіге жүктеген. Г., Ж., А., К. кәмелетке толмағандардың ата-аналары тәрбие бойынша өздері тиесілі міндеттерін орындамаған. Олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 55 мың теңгеден айыппұл тағайындалды, – деп жазылған сот хабарламасында.

Сондай-ақ сот А. мен К-ны ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 19 267 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Өзгелердің жаңалығы