Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айрылды

28 Желтоқсан 2022, 19:51
1246
Бөлісу:
Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айрылды

Танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды деп хабарлады BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ, бұған дейін оның есімі мен суреті тиісті бөлімде тұрған. Сонымен қатар беделді BoxRec.com порталында жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу бос деп көрсетілген.

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы