Данияр Елеуіновтің келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

7 Шілде 2021, 06:25
1730
Бөлісу:
Данияр Елеуіновтің келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Олимпиада ойындарының чемпионы, қазіргі уақытта кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) шаршы алаңға қашан оралатынын және келесі қарсыластың кім болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Менеджерлерім жақында жақсы жаңалық болады деп қызықтырып қойды. Дегенмен қазір олардың өзі нақты датасын білмейді. Олар да күтіп жатыр. Triller Fight Club шоуында болатын шығар. Мен осы промоушенде шығуым мүмкін. Бірақ қарсыластың кім болатынын айтпады. Мен күтіп отырмын. Шамамен қыркүйек немесе тамыз. Күні нақты белгіленгенде бірден хабарын беремін. Америкаға барып, дайындықты бастаймын, - деді Елеусінов "Студии 7" бағдарламасында. 
Сондай-ақ ол қарсылас туралы да айтты7
Маған барлығы құпия деп айтты. Бірақ оны неге жасыратынын мен де білмеймін. Менеджерлер шамамен қай боксшылар болуы мүмкін екенін айтты. Дегенмен мен олардың сіздерге айта алмаймын. Мықты боксшылардың бірі болады, - деді боксшы. 

Айта кетейік, Елеусінов қазір еркін агент. Маусымда ол Matchroom Boxing компаниясымен келісімшартын бұзды. 

Өзгелердің жаңалығы