Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Таврия ауылына барды

6 Тамыз 2021, 18:55
5639
Бөлісу:
Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Таврия ауылына барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасының іске асырылу барысын қадағалады деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бірінші кезекте аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазір Таврияда екі көше жөнделіп жатыр, содан кейін ауыл ішіндегі барлық жолға асфальт төселеді.

Бұдан соң әкім «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасылар үшін салынып жатқан төрт үйдің құрылысы қалай жүріп жатқанын бақылады. 

Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Таврия ауылына барды

Даниал Ахметов бұл үйлерді салып жатқан құрылыс компаниясы Жарма ауданында дәл осындай үйлер салғанын және жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтынын айтты.

Ауыл ауруханасында маман тапшы. Шамамен сегіз медицина қызметкері жетіспейді. Осыған байланысты Даниал Ахметов Ұлан ауданының әкіміне мұғалімдер мен медицина мамандары үшін екі пәтерлі тағы бірнеше үй салуды тапсырды.

Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Таврия ауылына барды

Сондай-ақ облыс басшысы 16 желтоқсанға дейін тапсырылуы тиіс жаңа спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Құрылыстың қарқыны жақсы болғанмен, жылыту мәселесі әлі шешілген жоқ. Жоба бойынша электр қуатымен жылытылуы тиіс еді. Бірақ ол өте қымбатқа шығады. Тавриядағы Мәдениет үйі электрмен жылытылады. Оған бір маусымда бюджеттен ондаған миллион теңге жұмсалады. Осыған байланысты әкім ауылдағы жұмыс істеп тұрған қазандықтың қуатын арттыруды және жаңарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Оған мәдениет үйін де, жаңа спорттық-сауықтыру кешенін де, алдағы уақытта салынатын басқа да жаңа нысандарды қосуға болады.

Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Таврия ауылына барды

Облыс әкімі жұмыс сапарының соңына қарай Тавриядағы 40 адам еңбек ететін жиһаз цехының жұмысымен танысты. Бұл компания қала мектептерінің робототехника кабинеттерін жиһазбен жабдықтағанын және олардың өнімдеріне қатысты ешқандай шағым болмағанын айтты.

Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Таврия ауылына барды

Мен мектеп салатын құрылыс компанияларын осындай кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, - деді аймақ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы