Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды

7 Желтоқсан 2022, 14:41
921
Бөлісу:
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорда-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

1976-1981 жж. - «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;

1981–1983 жж. - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983–1987 жж. - «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жж. - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жж. - «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы;

1992-1993 жж. - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

12.1997-10.1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

10.1999-21.12.2000 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасар;

21.11.2001-13.06.2003 жж. - Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

10.01.2007-17.06.2009 жж. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;

2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы