Дана Нұржігіт құмар ойындарға тәуелді азаматтардың тізімін жасауды ұсынды

10 Ақпан 2022, 11:59
2922
Бөлісу:
Дана Нұржігіт құмар ойындарға тәуелді азаматтардың тізімін жасауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Дана Нұржігіт Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады. 

Қазақстандағы ойын бизнесіндегі заңнаманы жетілдіруді көтермекпін. Бүгінгі таңда депутаттардың атына несиеден несиеге кірген, отбасы ойран болған, мүлігінен түгелдей айырылған азаматтар мен олардың туыстарынан шара қабылдау туралы өтініштер көп түсіп жатыр. Дерт күннен күнге өршіп барады. Қаржы нарығының реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, елде тұтынушылық мақсатта алынған несие көлемі 2021 жылдың қыркүйегінде 3,2 пайызға артқан, - деді Нұржігіт.

Депутат айтқандай, бұл көрсеткіш жыл басынан бері 28,3 пайызға өскен. 

Жасы 18-ге толған кез келген азаматқа оның табысына қарамастан тұтынушылық несие береді. Құмар ойындардың бюджетке төлеп отырған салығына қарамастан, әлеуметке келтіріп отырған зияны әлдеқайда көп. Казино жарнамаларына тыйым салынған. Алайда букмекерлік кеңселердің жарнамасына қатысты тыйым жоқ. Олар интернетте агрессиялы түрде жарнама жасап жатыр, - деді ол. 

Дана Нұржігіт құзыретті органдар құмар ойындарға тәуелді азаматтардың тізімін жасауды ұсынды. 

Ойын бизнесі субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу керек. Құмар ойындардың ааматтарға әсерін төмендету керек, - деді депутат. 

 

Өзгелердің жаңалығы