Дәленов өзінің министрлігі Жолдауды қалай жүзеге асыратынын айтты

2 Қыркүйек 2020, 09:10
1904
Бөлісу:
Дәленов өзінің министрлігі Жолдауды қалай жүзеге асыратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысы ел халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы шеңберінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды, - деді Дәленов. 

Министр Ұлттық экономика министрлігі 5 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейтінін айтты. 

Кәсіпкерлікті дамыту, салық-бюджет саясатын жетілдіру, инвестицияларды ынталандыру, теңгерімделген өңірлік даму, мемлекеттік басқару, - деді ол. 

Дәленов шағын және орта бизнеске қандай жеңілдіктер ұсынылатынын айтты. 

Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсету мақсатында шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады әрі түпкілікті жылдық мөлшерлемелері 6%-ға дейін жеткізілетін болады. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған кезден бастап 12 ай мерзімді қамтиды.Бұл шара «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты аясында іске асырылады, - деді ол. 

Ол атағандай, бизнес ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар кешені қабылданатынын айтты.

 Оған тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, тиісті комиссия құру арқылы барлық реттеушілік талаптарды қайта қарау және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.

Кәсіпкерлік кодекске тиісті өзгерістер енгізу арқылы реттеушілік апелляция институтын енгізу бойынша шаралар қабылданады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы