Дағыстандық той Гиннес рекордтар кітабына енгізілді

30 Қыркүйек 2019, 16:37
3807
Бөлісу:
Дағыстандық той Гиннес рекордтар кітабына енгізілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салтанатты жиында бірден бірнеше жұп үйленіп, тойға 10 мыңнан астам адам қатысты.

ТАСС-тың хабарлауынша, Дағыстанда өткен бұл той бірден екі рекордты жаңартып, Гиннес кітабына енгізілді. 

2401966.jpg

Той Дағыстанның Дербент қаласында өткен тойда бірден 30 жұп некесін қидырып, шаңырақ көтерді. Ал жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге келген қонақтардың қарасы 10 мыңнан асып жығылған.

Үйленген жұптардың әрқайсысы 16 түрлі ұлт өкілі.

"Дербент қаласының бүкіл тарихында мұндай елеулі оқиғаны бірінші рет болып тұр. 2019 жылдың 29 қыркүйегінде Дербент қаласы әкімшілігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің кітабына 16 ұлт өкілдерінің 24 жұбы бас қосқаны туралы тиісті деректер енгізілді. Ресей Федерациясының Отбасы кодексін басшылыққа ала отырып, мен бүгін шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылардың тіркелгендігін растаймын және оған қол қоямын", - деді Дербент әкімшілігінің тіркеу бөлімінің бастығы Татьяна Марченко.

2401968.png

Аталмыш той әлемдік екі рекордты жаңартты: ең көпұлтты той және ең қонақ саны көп той.

Ресейдің рекордтар кітабының негізін қалаушы әрі оның бас редакторы, Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын өтініш бойынша өкілі Алексей Свистунов рекорд көрсеткішін тіркеді.

"Бүгін мен 10 382 куәгердің көзінде екі бірдей ұлттық рекорд жаңартқанын жариялаймын. Біріншіден, 16 түрлі ұлт өкілі бар ең көпұлтты үйлену тойы болды, екіншіден, бұл оқиға ең көп қонақтар жиналған үйлену тойы ретінде тіркелді, яғни бұл тойға келушілердің саны - 10382 адам", - деді Алексей Свистунов.

Бұдан бөлек, үйленгендердің ең жасы 19 жаста болса, 60 жыл отасқан басқа жұп гауһар тойын атап өткен. 

2401967.png

Өзгелердің жаңалығы