Дағыстанның Махачкала және Дербент қалаларында лаңкестер шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады, деп жазды BAQ.KZ.
Шабуылдан діни қызметкер мен күзетші қаза тапқан.
Қазірге лаңкестердің нақты саны белгісіз.
Атыс кезінде 6 полицей көз жұмды. 12 полицей жараланған. Күрес әлі жалғасып жатыр.
Қаладан шығар жолдар толықтай жабылған. Әр көлік тексерілуде.