Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы» бағыт бойынша 5 іс-шара іске асырылатын болады.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Ведомства басшысының айтуынша, әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері бар тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын әзірледі.
Оны іске асыру геосаяси ахуалдың шиеленісуінің салдарын нивелирлеуге және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны бақылау және төмендету, сыртқы сауда қызметін қолдау және ынталандыру, экономика салаларын қолдау және инвестицияларды тарту бағыттары бойынша жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.