«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партия қызметі елдегі саяси реформалар мен жаңа Конституцияда бекітілген құндылықтарды жүзеге асыруға бағытталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, Қазақстанда қабылданған жаңа Конституция мемлекеттік институттардың жұмысында да өзгерістерді талап етеді.
Бұл жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асатын болады. Себебі біздің еліміздің жаңа Конституциясы бар, онда көптеген жаңа құндылықтар бекітілген. Бұл жөнінде өздеріңіз жақсы білесіздер. Сол құндылықтарды халқымыз референдумда қолдап, дауыс берді. Енді оларды нақты іске асыру үшін мемлекеттік институттардың қызметінде де өзгерістер болуы қажет, – деді Дәдебай.
Еске салайық, бұған дейін елордада «Әділет» партиясының ІI съезі өтіп жатқаны туралы жаздық.
Сондай-ақ «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай жаңа саяси ұйымның AMANAT партиясынан қандай ерекшелігі болатыны туралы сұраққа жауап берді.