«Дабыл чемоданында» қандай заттар болуы керек

23 Қаңтар 2024, 16:46
517
Бөлісу:
«Дабыл чемоданында» қандай заттар болуы керек
Фото: Арман Мухатов - архив

Төтенше жағдай кезінде «Дабыл чемоданы» дайын болуы керек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Дабыл чемоданы» - құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы деп аталады.

Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін. «Дабыл чемоданы» әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз. Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді.

«Дабыл чемоданында» құжаттар, ақша, алғашқы медициналық көмек жинағы, үш күндік тамақ, ауыз су және бірнеше күндік тағам, консервілер, жоғары калориялы тағамдар, гигиеналық құралдар, жылы киімдер, көрпе, керек-жарақтар (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) болуы керек.

Ол төтенше жағдай кезінде сіздің өміріңізді сақтауды басты құралына айналады. Сол себепті әр азаматтың төтенше жағдайға және одан кейінгі әрекетке дайын болғаны жөн.

Өзгелердің жаңалығы