Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн ашық болады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, дүйсенбіде республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.
Қызылорда, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.