Дәурен Абаев академия ашу қолға алынғанын айтты

7 Ақпан 2020, 15:38
1259
Бөлісу:
Дәурен Абаев академия ашу қолға алынғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаев елордада академия ашылатынын айтты.

Қазір қазақ күресінің 100 сағаттық оқу бағдарламасы дайындалды. Ол оқу бағдарламасында қазақ күресінің әліпбиінен бастап, өзіндік спорт түрі ретінде барлық қырлары, оқыту жолдары қамтылған. Алдағы оқу жылдары пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласының 5 мектебінде дене шынықтыру пәндеріне қазақ күресі енгізіледі. Барлық мектептерде қазақ күресін енгізу үшін мамандар тапшылығы байқалуы мүмкін, - дейді Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, осы ретте мамандар дайындайтын қазақ күресі академиясын ашуды жоспарлап отырғанын айтты. 
Сондықтан біз мамандар дайындайтын Қазақ күресі академиясын ашуды жоспарлап отырмыз. Академия мамандарды ғана оқытып қана қоймай, төрешілердің біліктілігін арттыру, ұлттық күрестің ғылыми-практикалық тұрғыда зерттелуін қамтамасыз етеді. Барлық әлемдік спорттар сияқты қазақ күресін ғылыми тұрғыдан зерделеуіміз керек. Солай ғана әлемдік деңгейге көтере аламыз. Қазір әлемдік аренада қазақ күресінің атауын өзгерту де жиі айтылып жүр. Осы орайда біз зерттеуші ғылымдар тобына қазақ күресіне қатысты терминдерді жүйелеуді тапсырып отырмыз, - деді федерация президенті.
Өзгелердің жаңалығы