Жолдау-2020: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде дамып келе жатыр

7 Қыркүйек 2020, 11:24
2506
Бөлісу:
Жолдау-2020: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде дамып келе жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасының орынбасары Дәулеткерей Рахметуллин Президент Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті шешімдер ұсынылғанын еске салды.

Белгіленген жоспарды іске асыру үшін Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының қазіргі кезеңінің шындығы көрініс табуы тиіс бірқатар нормативтік актіні қабылдау қажет болатыны түсінікті. Әлеуметтік қамсыздандыруға, медицина, білім беру жүйесіне қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде барлық белгіленген тармақтар орындалатынына, сондай-ақ түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес сектордың, бизнес-қоғамдастықтың барлық мүдделі құрылымдарының бірлескен жұмысы ұйымдастырылатынына сенім білдіргім келеді, - дейді ол.

Сарапшының айтуынша, Президент Жолдауында нақты міндеттер қойылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті шешімдер ұсынылған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде дамып келе жатқаны қуантады. Сыбайлас жемқорлық себептеріне көп көңіл бөлінеді, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың халық алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін "қоғамдық бақылау туралы" ҚР Заңын әзірлеп, қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің рөлін арттыруды тапсырды. Оларды сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі комиссиялардың жұмысына тарту қажет, - дейді ол.

Дәулеткерей Рахметуллин квазимемлекеттік секторда Қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтады. 

Парламент қарайтын тиісті заң жобасы жыл соңына дейін қабылдануы тиіс. Бұдан басқа, қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерін тарту қажет. Квазимемлекеттік құрылымдардың қаржы-шаруашылық қызметі, бюджет қаражатын пайдалану және басқа да бағалы деректер туралы ақпаратқа көпшіліктің қол жеткізуі үшін бірыңғай ақпараттық ресурс құру өте маңызды. Үкіметтің шешімдері туралы ақпараттың ашықтығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалогқа ықпал ететін болады. Мүмкіндігінше "ақпаратқа қол жеткізу туралы" ҚР заң жобасы жақын арада қабылдануы тиіс, - деп түйіндеді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы