Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында да дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттау фактілері жиілеген. Әсіресе дене қызуын басатын препараттар мен антибиотиктердің құны шарықтап тұр, деп хабарлайды "Хабар24".
Қазір аймақта бірнеше арнайы тексеру тобы құрылған. Олар дәріханаларды күнделікті аралап, баға өсіміне мониторинг жүргізеді. Мамандардың айтуынша, тұрғындар 1424 сенім телефоны бойынша дәрілік заттардың қымбаттауына шағымдана алады. Егер оның құнына күмәні болса, DARI.KZ мобильді қосымшасы арқылы шекті бөлшек бағасын тексеруге болады.Меркаптопурин және ротацеф дәрілік препараттарын заңсыз сату фактілері әшкереленді. Қазір тексеруді бастадық. Оның нәтижесін кейінірек айтамыз. Сонымен бірге, новиган мен аспириннің қымбатқа сатылғаны анықталды, – дейді облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Ержанова.