Дүниежүзілік банк 2020 жылға мұнай бағасының болжамын төмендетті

30 Қазан 2019, 10:45
1814
Бөлісу:
Дүниежүзілік банк 2020 жылға мұнай бағасының болжамын төмендетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік банк 2020 жылы мұнайға қатысты болжамын барреліне 7 долларға төмендетті, деп жазады 7kun.kz.

Соңғы болжамында, ұйым келесі жылы орташа баға барреліне 58 долларды құрайтынын атап өтті. 2019 жылы барреліне 60 доллар болады деп күтіледі.

"Төмендетілген қайта қарау жаһандық өсудің әлсіз перспективаларын және мұнайға деген сұранысты көрсетеді. АҚШ шикізат өндірісін айтарлықтай арттырады деп күтіледі. Болжам ОПЕК+ өндірісінің төмендеуін болжайды. Мұнайға сұраныс едәуір әлсіреуі мүмкін", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:35-те Brent-тің желтоқсан фьючерстері барреліне 61,36 долларға сатылды.

Өзгелердің жаңалығы