Cыйымдылығы көп мектеп салуға көшіп жатырмыз – Көлгінов

18 Тамыз 2020, 13:37
1658
Бөлісу:
Cыйымдылығы көп мектеп салуға көшіп жатырмыз – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыйымдылығы 1200-2000 мың оқушыны қамтитын білім нысандары мектептерімізге түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында.

Шағын мектептерден гөрі сыйымдылығы 1200-2000 мың оқушыны қамтитын білім нысандарын салуға көшіп жатырмыз (екі ауысымда 4 мың орынға дейін). Бұл шешім мектептерімізге түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгін Т.Рысқұлов және №36, Е171 көшелерінің қиылысында орналасқан оқу орнының құрылысын көріп қайттым. Бұл мектеп нысанын биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Осы жылы салынатын мектеп саны – 12. 2021 жылы тағы осынша білім нысаны салынады.

Мектеп, балабақша, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік нысандарды салған кезде дизайн-код ережелерін ұстанамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес стилистикалық тұрғыда бірыңғай, жайлы әрі қауіпсіз қаланы қалыптастыратын дизайн-код бекітілді, – деп жазды Алтай Көлгінов.



Өзгелердің жаңалығы