Cу тасқыны: Түркістан облысында бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

23 Наурыз 2024, 10:22
796
Бөлісу:
Cу тасқыны: Түркістан облысында бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

Түркістан облысында 22 наурызда полицейлер су тасқынына байланысты ауылдардың бірінің тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауран ауданына қарасты Теке ауылында жақын маңдағы көшелерді су басу салдарынан адамдар эвакуацияланды. Қазіргі уақытта су деңгейінің төмендеуі байқалады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген полиция хабарламасында.

Сауран ауданында су басу қаупіне байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойына күшейтілген режимде кезекшілік атқарып жатқаны атап өтілді.

Полиция, төтенше жағдайлар қызметі және тиісті қызметтер халыққа көмек көрсетуде, жаңбыр суының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін жағалауды қорғау жұмыстары жүргізілуде, - деп қосты полиция.

22 наурызда Абай және Алматы облыстарында еріген су екі жолды басып қалғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы