Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою процесін бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрліктің Ахуалдық орталығыныңмәліметінше, Ақмола облысында 1 281 нысанғатехникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеунәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
- 333 тұрғын үй құрылысы;
- 219 тұрғын үй сатып алу;
- 729 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарғаарналған 333 үйді салу жоспарланған болса, 273-інің құрылысы басталып кетті. 219 үйдің 123-і сатып алынды. Сондай-ақ, 729 үйдің барлығындажөндеу жұмыстары басталды.
Атбасар қ. 165 зардап шеккен азаматтарға үшкөпқабатты тұрғын үйдің ауқымды құрылысыбасталды. Сондай-ақ, 76 үйде жөндеу жұмыстарыжүргізілсе, 30-ы сатып алынды. Жөндеужұмыстарының болжамды аяқталу мерзімі – жаздың соңы, жаңа үйлердің құрылысы қазанайында.