Цой журналистерден көмек сұрады

12 Қараша 2021, 18:09
999
Бөлісу:
Цой журналистерден көмек сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен көмек сұрады. Ол журналистер қауымының халыққа ақпаратты жеткізудегі маңыздылығына тоқталды.

Ақпараттық алаңда біз барынша проблемалық мәселелерді іздеуге тырысатын сияқтымыз. Керісінше, біз журналистерден халыққа екпенің маңыздылығын түсіндіріп, тезірек вакцинация жасауға көмектесуді сұраймыз. Пандемиямен күресте жеңіске жетуде вакцинациялаудың мәні зор, - деп түсіндірді еліміздің бас дәрігері.

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Министрлік «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» вакцинасының 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Республикаға 379 мың доза көлемінде бірінші партиясы жеткізілді. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары өз балаларына вакцина салдыру туралы сұраққа жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы