Цой: Сovid-19-дың таралуын тоқтату үшін халықаралық ынтымақтастық өте маңызды

15 Наурыз 2021, 21:50
1585
Бөлісу:
Цой: Сovid-19-дың таралуын тоқтату үшін халықаралық ынтымақтастық өте маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Касаи Тацухико мырзамен кездесті. Жүздесу барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасы аясында жапон грантын алу туралы келісімге қол қойылды.

А.Цой атап өткендей, Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық тұрақты және тараптар байланысты әрі қарай дамытуға мүдделі.

Сovid-19 таралуын тоқтату үшін халықаралық ынтымақтастық, өзара байланыс пен қолдау өте маңызды. Осыған байланысты денсаулық сақтау саласындағы, әсіресе, COVID-19 пандемиясымен күрестегі қазақ-жапон арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өткім келеді, - деді Денсаулық сақтау министрі.

А.Цой ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу аясында ҚР медициналық мекемелерге медициналық жабдықтар сатып алуға грант ретінде 3,7 млн. АҚШ долларын бөлген Жапония Үкіметіне алғыс айтты. Аталған грантты мақсатты жұмсауға және "Crown Agents Japan Limited" компаниясымен бірлескен жұмысты пысықтауға Қазақстан тарапынан "СҚ-Фармация"ЖШС жауапты болады.
Бұл келісім денсаулық саұтау саласындағы Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы достық қарым-қатынастың көрінісі, сондай-ақ екіжақты әріптестікті одан әрі жалғастыруға серпін береді.

Өзгелердің жаңалығы