Цой Ashyq қосымшасының  жұмысы туралы айтты

27 Сәуір 2021, 09:21
1808
Бөлісу:
Цой Ashyq қосымшасының  жұмысы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.

«Атамекен» ҰКП және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2021 жылдың қаңтарында бизнес пен шектеу шаралары арасында баланс орнату бойынша Ashyq қосымшасы әзірлеу басталды. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында пилоттық жобада іске қосылды. 26 сәуірден бастап барлық қалада іске кірісті, - деді Цой.

Министр қосымша қандай ұйымдарда қолданылатынын айтты.

Ashyq қосымшасы фитнес-орталықтары мен SPA орталықтары, бассейн мен боулингтар, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану орындары, облыстық және қалалық тасымалдаулар бойынша жұмыс істейді. Қосымшаға өз еркімен де қосылу қарастырылған. Ол адамдар арасында КВИ-дің таралуын болдырмайды. 27 сәуірдегі жағдай бойынша жобаға қатысушылар 1658 адамды құрады. Қосымшаны көшіріп алғандар саны – 378 мың, - деді ол.

Министрдің айтуынша, барлық өңірде шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртараптандырылған.

Қазіргі таңда шектеу шаралары Ashyq жобасы аясында жұмыс істеп жатқан нысандарға қолданылып жатыр. Кейінгі босаңсулар жағдайға қатысты болады, - деді Алексей Цой.


Өзгелердің жаңалығы