Министр Алматыда КВИ-ге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

26 Наурыз 2021, 20:38
1434
Бөлісу:
Министр Алматыда КВИ-ге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санэпидбақылау, аймақтық департамент мамандарының, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың бақылау болмағандықтан нашарлағанын айтты. Осылайша, Алексей Цой Алматы медициналық активінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды, оларды коронавирус инфекциясының одан әрі таралу қаупін жою үшін қысқа мерзімде шешу қажет.

Министр Алматыда КВИ-ге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Жедел резервтік аурухана қуатын арттыру, КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуін бақылау алгоритмдерін әзірлеу, қаланың ересек халқын барынша қамту үшін вакциналардың қосымша көлемін жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Министр алғашқы буын, қалалық емханалық қызметтер деңгейінде байланыста болған адамдарды уақтылы анықтау, тексеру және бақылау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына назар аударды. Сондай-ақ, ол КВИ жағдайларының бақылаусыз өсуіне әсер ететін коронавирус ошақтарын уақтылы анықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Министр Алматыда КВИ-ге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Жалпы, КВИ-ға қарсы күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысының қорытындысы бойынша министр Алексей Цой шектеу шараларын қатаң сақтауды, барлық бағыт бойынша инфекцияны оқшаулау жұмысын күшейтуді тапсырды.

Министр Алматыда КВИ-ге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Анықтама: 25 наурыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында COVID-19 жұқтырған 31 307 науқас және ықтимал COVID-19 (ПТР -) диагнозымен  5 498 жағдайы тіркелді. 559 адам қайтыс болған (452 КВИ+, 107 КВИ-).

Соңғы 7 күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ+ сырқаттанушылық көрсеткіші - 141,0 құрады, RT репродуктивті саны 1,11 құрады. Соңғы тәулікте КВИ+ 341 жағдайы тіркелді, өсім 1,1 құрады.

Өткен аптада (18 наурыздан 24 наурызға дейін) алдыңғы аптамен салыстырғанда (11 наурыздан 17 наурызға дейін) аурудың 1,3 есе өсуі байқалады (2 033-тен 2 659 жағдайға дейін).

Аурудың ең жоғары көрсеткіші Бостандық, Әуезов, Медеу және Наурызбай аудандарында тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы