COVID-сертификатының иегерлері Еуроодақ бойынша еркін жүріп-тұра алады

14 Маусым 2021, 18:04
2028
Бөлісу:
COVID-сертификатының иегерлері Еуроодақ бойынша еркін жүріп-тұра алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕО Кеңесі COVID-сертификаттары бар адамдар үшін Еуроодақ ішіндегі сапарларға қойылған шектеулерді алып тастады.

РИА Новости хабарлағандай, ЕО Кеңесі еуропалық COVID-сертификаттары иелері үшін Еуроодақ аумағында сапарларға ішкі шектеулерді алып тастау туралы шешімді мақұлдады.

Бүгін Кеңес күн санап өзгеріп отырған эпидемиологиялық жағдай, вакцинация науқаны және коронавирустық сертификатты енгізу аясында еркін қозғалысты шектеуге қатысты келісілген режимге түзетулер енгізу туралы ұсыныстарды қабылдады... Вакцинацияланған және коронавируспен ауырған COVID-сертификаттарының иелері қайта тестілеуден немесе карантинге жатқызылудан босатылады. Ол үшін олар сапарға шықпас алдын кемінде 14 күн бұрын ЕМА мақұлдаған вакциналармен толық вакцинацияланған болуы шарт... Аурудан жазылған сертификат иелері оң сынаманы алғаннан сәттен бастап кемінде 180 күн өткенін растауы керек, - делінген одақ мәлімдемесінде.

COVID-сертификаттары ресми түрде Еуроодақта 1 шілдеден бастап әрекет етеді.

DW.com деректер бойынша COVID-сертификаттарының үш түрі болады: коронавирусқа қарсы толық вакцинацияны, теріс нәтижелі ПТР тестін немесе аурудан жазылғанын растайтын. Вакцинаның екі компонентін алған немесе коронавируспен ауырмаған адамдар әр ПТР немесе коронавирусқа қарсы антиген тестінен кейін теріс нәтиже туралы цифрлық растау алып отырады.

Аталған сертификаттар 31 елде әрекет етеді: ЕО-ның 27 елі, сондай-ақ ЕО құрамына кірмейтін, бірақ Шенген аймағының бөлігі болып табылатын Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария.

Сертификаттар, ең алдымен, Еуроодақта тіркелген препараттармен вакцинациядан өткендерге беріледі. Бүгінгі таңда олардың төртеуі бар: BioNTech/Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Johnson&Johnson.

ЕО және Шенген мемлекеттері өз қалауынша сертификаттарды беріп, оларды мақұлдай алады. Бұл ДДСҰ төтенше жағдайда қолдануға ұсынған препараттарға да қатысты. ЕО-да рұқсат етілген төрт препараттан басқа қазір бұл тізімде AstraZeneca Covishield үндістандық аналогы, сонымен қатар екі қытай вакцина - Sinopharm және Sinovac бар.

Ресейлік «Спутник V» әзірге ДДСҰ-дан да, еуропалық EMA реттеушісінен де ешқандай вердикт алған жоқ. Олар Ресей Федерациясынан барлық қажетті ақпараттың тапсырылуын күтіп, тексерулер жүргізеді.

Еуроодақ елдерінің қалауы бойынша уақытша ұлттық деңгейде рұқсат алынған вакциналарға да сертификаттар бере алады. Мысалы, Венгрия бірнеше айдан бері «Спутник V» вакцинасын қолданып келеді. Алайда бұл сертификаттарды мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді әрбір мемлекет өзі шешеді.

Өзгелердің жаңалығы