COVID-19 жұқтырғандардың 90%-ы амбулаториялық емдеуде – ДСМ өкілі

22 Шілде 2022, 15:33
6168
Бөлісу:
COVID-19 жұқтырғандардың 90%-ы амбулаториялық емдеуде – ДСМ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күлайым Біржанова мәлімдеді.

Бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында штатттық режимде фильтр кабинеттері жұмыс істеп тұр. Ауырғандардың 90%-ы емді амбулаториялық деңгейде қабылдап жатыр. Вирус жұқтырған пациенттерге уақытында медициналық көмек көрсету үшін 2387 мобильді бригада ұйымдастырылған, олардың 1010-ы – ауылдық елдімекендерде, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, бірінші жартыжылдықта мобильдік бригадаларға 815 423 шақырту түскен. 

Шақыртулардың көп мөлшері Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орын алды. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 2254 медициналық автокөлік бірлігі, 33 әуе кемесі, соның ішінде 20 ұшақ пен 13 тікұшақ бар. Сонымен қатар 1484 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылған, - деді департамент басшысының орынбасары. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елде 14 мыңнан астам адам індеттен емделіп жатқаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы