Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтты.
Бүгінгі таңда республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың 3-еуі емделіп, ауруханадан шығарылды. Қалған төртеуі тиісті ем-дом шараларын қабылдауда. Барлығы да инфекцияның жеңіл түрімен ауырды, - деді ол.
Тікелей эфир барысында Айжан Есмағамбетова қалааралық блок-бекеттердің алынуы карантиннің аяқталғанын білдірмейтінін айтты.
Тағы бір қайталап айтамын, өңірлер арасындағы блок-бекеттердің алынуы карантиннің аяқталуын білдірмейді. Бұл карантин шараларын жеңілдетудің бір кезеңі ғана. Қауіпсіздік шараларын сақтау керек, - деді ол.
Айта кетейік, мұның алдында бас санитар елімізде күніне
26 мыңға жуық тест жасалып жатқанын және
спорттық нысандардың қашан ашылатынын айтқан болатын.
Бұған дейін "
Қазмедиа орталығының" қызметкерлерінен коронавирус анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.