COVID-19 жаңа қарқын алып келеді

22 Тамыз 2020, 14:08
2113
Бөлісу:
COVID-19 жаңа қарқын алып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ мәліметі бойынша, Еуропада күн сайын 26 мың жаңа инфекция оқиғасы тіркеліп, апта сайынғы көрсеткіш маусым айындағы көрсеткіштен 40 мыңға жоғарылаған. Бұл туралы ru.euronews.com хабарлады.


Грек аралдарынан оралған туристер COVID-19 сынағынан өте бастады, себебі, коронавирустық пандемия қайтадан күшейе түсуде деген алаңдаушылық артып келеді. Еңбек демалысы кезінде карантиндік шараларды сақтау тәртібі біршама әлсіреді және оның салдары білінуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Еуропада күн сайын 26 мың жаңа инфекция оқиғасы тіркеліп, апта сайынғы көрсеткіш маусым айындағы көрсеткіштен 40 мыңға жоғарылаған.
Мен жастар арасында тіркелген жағдайлардың саны артып келе жатқанына қатты алаңдаймын, төмен көрсеткіш қауіптің жоқтығын білдірмейді. Адам COVID-19-дан қаза болмаса да, ол оған ұзын құйрықты торнадо сияқты жабысып қалуы мүмкін, - дейді ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ганс Генри Клуг.

Бейсенбі күні бір ғана Германияда 1700 жаңа инфекция оқиғасы тіркелген. Бұл сәуір айының басынан бергі ең жоғары күн сайынғы көрсеткіш. ДДСҰ ауруды болдырмау үшін диагнозды ерте анықтаудың өте маңызды екенін айтады.
Қазір вирустың түрлерін үнемі қадағалау немесе күшейту үшін елдердің тұмау вирусының белсенділігін бақылауы өте маңызды. Қауіпті топтар үшін тұмауға қарсы вакцинацияны ілгерілету қажет. Биыл бұл үрдіс аса маңызды, өйткені бізге ауруханалар мен медициналық қызметкерлерге түсетін жүктемені азайту керек, - дейді Клуге.

Хорватияда да коронавирустық инфекцияның көбеюі байқалады, ал ГФР билігі Хорватия жағалауын жоғары қауіпті бағыттардың тізіміне қосты. Бұған жақында Ұлыбритания да қосылуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы