COVID-19: Теміртауда 4 медицина қызметкері инфекция жұқтырған

14 Сәуір 2020, 02:35
1582
Бөлісу:
COVID-19: Теміртауда 4 медицина қызметкері инфекция жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 13 сәуірде анықталған коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 оқиғаның төртеуі медицина қызметкерлерінен анықталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Барлық жұқтырғандар – Теміртау қаласының №2 емханасының қызметкерлері. Бүгін, 13 сәуірде медициналық мекеме жабылады.Өз жұмысын шұғыл қабылдау кабинеті ғана жалғастырады. Қажет болған жағдайда пациенттерді қаланың басқа емханаларына жібереді. Ғимаратта дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Емхананың барлық қызметкерлері тексеруден өтеді. Қала тұрғындары барлық қажетті көмекті "Теміртау қаласының №1 емханасы" КМК және "Теміртау қаласының №4 емханасы" КМК алатын болады, - деп хабарланған.

Сонымен қатар жақын арада қалада Елбасының тапсырмасы бойынша салынған жаңа емхана іске қосылады.

Сондай-ақ №2 емхана жұмысы бойынша барлық сұрақтарды call-орталыққа (8-7213) 44-78-88 нөмірі бойынша қоңырау шалып қоюға болатыны жазылған.



Өзгелердің жаңалығы