COVID-19: Сырқаты жеңіл өтіп жатқандар үй карантиніне жіберілуі мүмкін

12 Мамыр 2020, 15:59
1089
Бөлісу:
COVID-19: Сырқаты жеңіл өтіп жатқандар үй карантиніне жіберілуі мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, инфекция анықталғандардың көпшілігінде сырқат жеңіл түрде өтіп жатыр, алайда олар вирусты тікелей тасымалдаушы болып есептеледі.

Бұл емделушілерге қатысты, егер үйдегі карантинге оларда тиісті жағдайлар жасалған болса, онда оларды үй карантиніне жіберу мәселелері қаралады. Егер тиісті жағдай жасалмаған болса, онда карантиндік стационарларда болады. Мысалы, қазіргі уақытта Алматыда ауруы жеңіл түрде жүріп жатқан 68 медицина қызметкері үй жағдайында өзін-өзі оқшаулау жолымен емдеулерін аяқтауға ауруханадан шығарылды, - деді ол.

Сондай-ақ, ол үйде емдеу толық оқшаулау және науқастың жай-күйі туралы тұрақты есеп беру жағдайында өтуі тиіс екенін айтты. Олар өзін нашар сезінген жағдайда дереу дәрігерді шақыруы қажет.

Тіпті, егер пациент үйде емделуге қалдырылса да, бұл оның жай-күйін бақылауды тоқтату дегенді білдірмейді, ол қоңырау шалу арқылы емхана қызметкерлерінің күнделікті бақылауында болады. Бұдан басқа, олар үйден шықпауға міндеттелетіні туралы ақпараттандырылған келісімге қол қояды, - деді Әбілдаев.

Симптомдарсыз тасымалдаушыларда коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда, пациент клиникалық тексерулерден өтіп, 3 күн бойы бақылауда болады және емдеуге жатқызылады. Содан кейін ғана үй карантиніне жіберілетіндігін көрінеді.

Сонымен қатар, ол кеше коронавирустық инфекциядан 38 адам сауығып, емдеуден шығарылғанын айтты.

Жалпы мегаполисте емделіп, жазылғандардың саны 468 адамға жетті. Қалада жалпы вирус жұқтырғандар ішінен сауығып шыққан емделушілер саны бүгінгі күні 29%-ды құрайды, ал үй карантиніне шығарылғандарды есепке алғанда 33%-ды құрайды, - дейді ол.

Сөз соңында ол бүгін әлемдік медбикелер күні екенін айта келе әріптестерін мейрамдарымен құттықтады.

Медбикелердің еңбегінсіз бүгінде емдеу шаралары толыққанды сапалы болмайды. Бүгінгі таңда медбикелердің арқасында қаншама отбасы қуанышқа бөленіп, жақсы өмір кешуде. Сондықтан құрметті әріптестерім сіздерді осы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бұған дейін Алматыда індет тек карантиндегі адамдар арасынан шығып жатқаны хабарланды.
Өзгелердің жаңалығы