COVID-19: Ресейде Құрылыс министрлігінің басшысы ауруханаға түсті

2 Мамыр 2020, 07:23
1286
Бөлісу:
COVID-19: Ресейде Құрылыс министрлігінің басшысы ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Владимир Якушев коронавируспен ауруханаға түсті. Бұл туралы аталған ведомсвоның Telegram каналында хабарлады.

Диагноз тек Құрылыс министрлігінің басшысында ғана емес, оның орынбасарларының бірі Дмитрий Волковта да компьютерлік томография нәтижесінен кейін анықталған. Якушевтің айтуынша, ол қалалық ауруханалардың бірінде емделетін болады.

Енді Никита Стасишин Құрылыс және тұрғын үй министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін 30 сәуірде Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустиннің вирус жұқтырғаны белгілі болған. Премьер-министрдің орынбасары Андрей Белоусов Үкімет басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған.
Өзгелердің жаңалығы