COVID-19: Павлодар облысында 6 адам дертінен айықты

4 Мамыр 2020, 17:43
1199
Бөлісу:
COVID-19: Павлодар облысында 6 адам дертінен айықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазылып шыққан адамдардың бесеуі Павлодар қаласының тұрғындары: 1958,1973, 1985, 2001 жылы туған әйел адамдар, 1994 жылы туған ер адам және Екібастұз қаласының тұрғыны 1989 жылы туған ер адам.

Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

1973, 1985 және 2001 жылы туған әйел адамдар бұрын КВИ-мен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғандар қатарынан, 2020 жылғы 16 сәуірде Covid-19-ға алған талдау нәтижесі КВИ анықтаған. Cондай-ақ,1994 жылы туған ер адам мен 1958 жылы туған әйел адам бұрын КВИ-мен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғандар қатарынан, 2020 жылғы 16 сәуірде Covid-19-ға алған талдау нәтижесі КВИ анықтаған, - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Екібастұз қаласының тұрғыны 1989 жылы туған ер адамда коронавирус инфекциясы 2020 жылғы 12 сәуірде анықталған. 

Науқастың анамнезінен ер адам бұрын Нұр-Сұлтан қаласынан келіп, үй карантинінде болған. 2020 жылғы 10 сәуірде №1 емхананың медициналық қызметкері қоңырау шалып күйін сұраған кезде ол өзінің жаман сезініп тұрғанын, дене қызуы жоғарылап тұрғаны, әлсіздік барын айтқан. Осы күйіне байланысты ауруханаға жатқызылды. Екі рет тестілеу жүргізгенде теріс нәтиже негізінде науқастар ауруханадан шығарылып, 14 күн бойы үй карантинінде медициналық бақылауда болады, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінгі күні Павлодар облысында 11 науқас коронавирус инфекциясынан жазылды. 

Өзгелердің жаңалығы