COVID-19 пандемиясынан кейін тұмау вирусының екі түрі жоғалып кетті

4 Маусым 2021, 21:34
2882
Бөлісу:
COVID-19 пандемиясынан кейін тұмау вирусының екі түрі жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық пандемия салдарынан адам тұмауы вирусының бірнеше түрі жойылды, дейді ғалымдар. Дәл осы кезеңде тұмау ауруы тарихи минимумға дейін төмендеп кетті, деп хабарлайды STAT.

Сарапшылар бұл деректі маска киюмен және басқа да сақтық шараларын сақтаумен байланыстырады. Зерттеу көрсеткендей, екі тұмау вирусы бір жыл ішінде бірде – бір рет пайда болған жоқ. Тіпті оларды жұқтыру жағдайлары әлемнің бірде-бір елінде тіркелмеген.

Маусымдық тұмау грипп А және грипп В деп аталатын вирустар тобынан жұғатыны белгілі. А типті вирустар құрамындағы ақуыздарға байланысьы тағы екі түрге бөлінеді: гемагглютинин (H) және нейраминидаза (N).

Қазіргі уақытта H1N1 және H3N2 адамдар арасында кең таралған. Және осы вирус түрлерінің әрқайсысы басқа түрлерге бөлінеді. В типті вирустардың басқа түрлері жоқ. Бірақ олар B/Yamagata және B/Victoria деп аталатын екі қатары бар.

Зерттеушілер вирустың H3N2 түрінің (ред. - 2020 жылдың наурызынан бері анықталмаған) және B/Yamagata деп аталатын түрінің жоғалып кеткенін анықтады. Ғалымдар олардың мәңгіге жоғалып кеткен болуы мүмкін дейді, дегенмен теориялық тұрғыдан олар қайтып оралуы мүмкін.

Жаңа деректер тұмауға қарсы тиімді вакциналарды жасауға көмектеседі. Вакцинаны дайындау кезінде мамандар әлемде қандай штамдардың таралып жатқанын талдайды және ағымдағы маусымда қайсысы жиі кездесетінін болжайды.

H3N2 вирустары әртүрлілігімен ерекшеленетін топ болып табылады. COVID-19 пандемиясына дейін олардың түрлері жыл сайын генетикалық жағынан түрлене бастады. Ол эпидемиологтар арасында біршама мәселе туындатты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жануарлар мен құстардағы тұмау экологиясын зерттеу орталығының директоры Ричард Уэббидің айтуынша, вирустың бұл түріндегі әртүрліліктің төмендеуі айтуыл оқиға болар еді.

Вирустың әртүрлілігі тұрғысынан аурудың күрт төмендеуі бірқатар өзгерістің болуына септеседі дейді мамандар. Бірақ вирусқа қатысты оқиғалардың болашағын дамуын болжау өте қиын, өйткені пандемия тарихта бұрын-соңды болмаған оқиғаға айналды.

Өзгелердің жаңалығы