COVID-19 пандемиясы жайлы кітап жарық көрді

14 Қазан 2020, 13:12
2620
Бөлісу:
COVID-19 пандемиясы жайлы кітап жарық көрді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде коронавирус пандемиясына қарсы күрес нәтижелеріне арналған алғашқы кітап жарық көрді. «Өмір үшін» деп аталатын жинақ облыстық Фтизиопульмонология орталығында өткен халықаралық конференцияда таныстырылды.

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы басшылығының өкілдері, Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркияның жетекші дәрігерлері онлайн режимде қатысты.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның тақырыбы – «COVID-19 пандемиясы. Эпидемиологиялық жағдайда туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері». Екі қауіпті инфекцияның өзара әрекеттесуі, адамзатты КВИ мен туберкулезден құтқару мәселесі, осы күрестің тиімділігі және эпидемияға қарсы жұмысты ұйымдастырудың тәсілдері дәрігерлердің қызу талқысына түсті

Коронавирустық пандемия бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелеріне қауіп төндірді. Бүгінде мұндай халықаралық ұйымдар пандемияның туберкулез проблемасына әсері жалпы жағдайды айтарлықтай нашарлатуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда. Бүгінде Қазақстанда туберкулезді диагностикалау мен емдеудің барлық инновациялық нысандары енгізілді, соның арқасында жылдан жылға эпидемиологиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Алайда, биылғы жылы өңірлердегі барлық туберкулезге қарсы қызметтер инфекциямен күреске тартылды, инфекциялық және провизорлық стационарлар ретінде жұмыс істеді. Біздің дәрігерлер сынақтан абыроймен өтті және бұл еліміздегі туберкулезге қарсы бағдарламаны қазіргі шындыққа сәйкес құру керектігін білдіреді, - деп атап өтті ҚР Ұлттық фтизиопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов.
Конференцияға қатысушылар коронавирустық пандемияда күтпеген қауіп-қатерлерге дайын болуымыз керек екенін айтады. COVID-19 пандемиясының алғашқы толқыны аяқталған кезде, қорытынды жасап қана қоймай, медициналық көмекті, оның ішінде туберкулезге қарсы көмекті жетілдірудің қосымша жолдарын да анықтау қажет.
Біз жаңа вирус пандемиясының әлемнің 180-нен астам еліне тарап, бүкіл адамзат өміріне әсер еткеніне куә болдық. Біздің медицина қызметкерлері өңірде инфекцияның өршуі кезеңінде нағыз ерлік көрсетті. Өңірдің барлық дәрігерлері үлкен жұмыс атқарды, Ақмола туберкулезге қарсы диспансері ұжымының мойнына үлкен жүктеме түсті, онда COVID-19 науқастарына арналған инфекциялық бөлімше жұмыс істеді, - деді облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова.

Ол пандемия кезеңінде облыс ауруханаларын барлық қажеттіліктермен жабдықтау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданғанын атап өтті.

1500-ден астам медициналық жабдық сатып алынды, 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды, оның тең жартысы облыс бюджетінен бөлінді. Өңірде коронавирустық инфекция15 медицина қызметкерінің өмірін қиды.Олардың отбасылары мемлекеттен төлем алады. Бүгінде вирустың екінші толқынына дайындалу үшін барлық қажетті жұмыстар жасалуда: өңірге дәрігерлерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, дәрігерлерге арналған тұрғын үй салынуда. Көкшетауда заманауи технологиялармен жабдықталған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы мен онкологиялық емхананың құрылысы аяқталуда, - деді ол.
Коронавирус пандемиясымен күрес нәтижелеріне арналған «Өмір үшін» деп аталатын кітаптың авторлары – Қ.Құрманбаев атындағы облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Қасымжан Тәшметов, оның стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Жазира Нысанбекова және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.
Пандемия өңір дәрігерлерінің үлкен ұжымы үшін сынақ болды. Бірақ ол бізге белгілі бір тәжірибе берді. Әрбір ауданда, облыс орталығында медициналық көмек көрсету үшін стационарлар жұмыс істеді. Олардың алғашқысы біздің туберкулезге қарсы диспансерде ашылды. Мұнда 700-ге жуық адам емделді, 592 қызметкер күндіз-түні жұмыс істеді. «Өмір үшін» кітабына дәрігерлердің жұмыс нәтижелері, олардың пікірлері, ұсыныстары кірді, - дейді облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Қасымжан Тәшметов.
Оның мәлімдеуінше, облыстық Фтизиопульмонология орталығында жаңа бөлімше ашылған.
Бұрын бұл туберкулезге қарсы диспансер болатын. Қазір туберкулезбен ауыратындардың саны азайғанымен,тыныс алу жүйесінің басқа да аурулары бар. Сондықтан операциялық және реанимациялық блоктары бар 20 төсектік пульмонология бөлімшесін аштық. Жақында Алматыдан арнайы келген ҚР ҰБФО профессоры Шахман Исмаилов пен Құлахмет Ерімбетов тыныс алу органдарына алты сағаттық күрделі ота жасады. Бұл бөлімшенің ұзақ және жемісті жұмыс жасауына және науқастар өмірін сақтап қалуға негіз болары сөзсіз, - дейді Қасымжан Тәшметов.



Өзгелердің жаңалығы