COVID-19 пандемиясы балалар мен жасөспірімдер денсаулығына қалай әсер етті?

13 Желтоқсан 2022, 12:05
1472
Бөлісу:
COVID-19 пандемиясы балалар мен жасөспірімдер денсаулығына қалай әсер етті?

Бұл туралы өтіп жатқан Астанада «COVID-19 пандемиясының шындығы: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы басты назарда» атты субөңірлік конференцияда белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Карантин, мектептердің жабылуы және онлайн оқытуға көшу, физикалық қашықтық, COVID-19 пандемиясымен күресу шаралары психикалық денсаулыққа – 32,8%, мектептегі үлгерімге – 40,2% және дене белсенділігіне – 37,3% теріс әсер етті. Зорлық-зомбылық пен жарақаттанудың алдын алу кезінде сапалы тамақтануды, білім беруді және медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етудің барлығы бүкіл аймақта және бүкіл әлемде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қажет, - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова.

Сондай-ақ форумда жасөспірімдердің психикалық денсаулығы талқыға түсті. Сарапшылар психикалық денсаулықты жақсарту және жасөспірімдерге көмек көрсету бойынша ғылыми негізделген шараларды талқылады және цифрлық кеңістікте психикалық денсаулықты сақтау үшін жағдай жасау бойынша ұсыныстар енгізді. 

Мамандар жастарға қолайлы денсаулық сақтау қызметтері де назарда деп отыр. Молдова, Армения, Қырғызстан, Түркменстан. Тәжікстан және Қазақстан өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Белгілі болғандай, елімізде жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғаудың маңызды ресурсы – жастар денсаулық орталықтарының желісі. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 180-ге дейін өскен.  

Бүгінгі дені сау жасөспірімдер – болашақтағы дені сау ұлт. Қазақстанда құқықтық реформалар жүргізу нәтижесінде 16 жастан асқан жастар жастарға қолайлы медициналық қызметтерді дербес және тегін ала алады, - деді ЮНФПА-ның жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі бағдарламалық талдаушысы Серік Тәңірбергенов.  

Өзгелердің жаңалығы