COVID-19 пандемиясы аяқталуы үшін қанша адам вакцина салдыруы керек?

26 Наурыз 2021, 15:47
1743
Бөлісу:
COVID-19 пандемиясы аяқталуы үшін қанша адам вакцина салдыруы керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы аяқталуы үшін тұрғындардың 60%-ы иммундалған болуы тиіс. Яғни халықтың басым бөлігі вирус жұқтыруы керек немесе вакцина салдырып, антиденелері болуы тиіс.

Бұл туралы Мәскеу мемлекеттік университеті Белозерский атындағы «Вирусология» институты кафедрасының профессоры, биологиялық ғылымдарының докторы Алексей Аграновский МИР 24-пен сұхбаты барысында айтты.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның пайда болуы пандемияның аяқталуына аз қалды деген үміт отын ұялатты. Дегенмен пандемияны жеңу үшін әлі біраз тер төгу қажет. Алексей Аграновскийдің айтуынша, қазір көп адам вакцинация салдырып үлгерді. Алайда алда әлі талай адамға екпе салынуы қажет.

Жасалған әрбір екпе бір адамның және оның жақындарының қорғанышы болады. Вакцинацияның жағымды тұсы – ол коронавирустың таралу тізбегін тоқтатады. Егер халықтың басым бөлігі вакцинацияланатын болса, пандемия құрдымға кетіп, вирустың таралуы тежеледі. Сол сәтте оның таралуында тосқауылдар көбейіп, қоғамдағы трансмиссиясы сәтсіздікке ұшырайды, - дейді ол.

Агроновский қазір коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының тиімділігі жоғары екенін атап өтті. Дегенмен адамдардың көпшілігі оның жаңа вакцина екенін және аз уақыт қана зерттелгенін алға тартып, салдыруға жүрексінеді.

Біз бұл вакцинаның адамға еш зияны жоқ екенін айтып келеміз. Тек «Спутник V» ғана емес, мәселен Pfizer вакцинасының да ешқандай кері әсері болмайды. Сіздіңше қайсысы дұрыс: қолда бар препараттарды әлі де зерттеуді жалғастырып, соңғы әрі нақты қорытындысын күткен дұрыс па, әлде вакцина салдырып, сенімді жүрген дұрыс па? Алғашқысын таңдасақ, мыңдаған адамның өмірін жоғалтамыз, - дейді маман.

Биология ғылымдары докторының сөзінше, екпе салдырған дұрыс. Өйткені вакцина туралы айтылған қауіп-қатердің бәрі ғылымға қарама-қайшылық тудыртады.

Қазір әрбір ақпарат өте жылдам таралады. Бұрын бұл жақсылықтың нышаны тәрізді көрінетін. Адамдар ғылыми жаңалықтарға ден қояды деп ойладық. Алайда ғылыми жаңалықтан гөрі «біреуден естіген» жалған дүние тез таралатынына көзіміз жетті, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы