Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті.
Сонымен қатар ол бұл біздегі ерекше мәселе болып отырғанын айтты.Жалпы қазіргі таңда індетке қарсы вакцинаны 18 жастан бастап жасап жатырмыз. Рfizer вакцинасы келгеннен кейін 12 жастан бастап пайдалануға болады. Қазіргі кезде екпе алмаған балаларды шектемейміз. Ол әр баланың ата-анасының келісімі бойынша ерікті түрде ғана ала алады. Сол себепті біз өз тарапымыздан халыққа түсіндіру жұмыстарымен жүргізетін боламыз, - деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін елімізге коронавирусқа қарсы ревакцинация қараша, желтоқсан айларында басталуы мүмкін екенін айтқан болатынбыз.Біз балалардың білім алуын офлайн режимге көшірдік. Санитарлық режим, маска режимі дейміз, соның арқасында қазір балалардың арасында науқастану көрсеткіші жоғары емес – 0,6 пайыз. Сондықтан вакцина келгенде балаларымыз мектепке қорықпай бара алады деп сенеміз, - деді Марат Шоранов.