Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сеулде соңғы күндері вирус жұқтыру көрсеткішінің артуына байланысты бұрын ашылған мекемелер қайта жабыла бастады.
Оңтүстік Кореяда мемлекеттік мұражайлар, галереялар мен театрлар қайта жабыла бастады, деп жазады Интерфакс. Сеулде коронавирустың жаңа жағдайларының өсу фиксациясынан кейін өңірдегі мекемелер бірден жабылған.Оңтүстік Корея үкіметі сондай-ақ, білім беру мекемелеріндегі шараларды күшейтті. Бастауыш және орта мектептердегі оқушылар саны балалардың жалпы санының үштен бірінен аспайтындай қысқарту міндеттелген. Елдің білім министрлігінде мекемелерде әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау қажеттігі туралы ескертілді.
Екі күн қатарынан Оңтүстік Кореяда аурудың 50-ден астам жаңа жағдайы тіркелген, вирус жұқтырғандардың басым бөлігі ел астанасына тиесілі.
28 мамырда Оңтүстік Кореяда коронавирус індетінің екі ай ішінде ең көп жаңа жағдайы тіркелгені туралы хабарлаған болатын. Елде бұл күні жалпы саны 79 вирус жұқтыру фактісі анықталған.