COVID-19. Науқастардың 98%-дан астамы сауығып шықты

21 Сәуір 2022, 17:16
1383
Бөлісу:
COVID-19. Науқастардың 98%-дан астамы сауығып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 98%-дан астамы аурудан жазылып шықты. 

Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.

COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тәулігіне 20-ға дейін инфекция жұқтыру дерегі тіркелуде, бұл инфекцияның таралу коэффициентіне де әсер етті, сәуір айынан бері бұл көрсеткіш 1-ден төмен. 

Науқастардың 98%-дан астамы сауығып шықты. 

Соңғы айда стационарлық ем алатын науқастар саны 5,7 есеге (588-ден 102-ге дейін), амбулаториялық ем алып жатқан науқастар - 3,4 есеге (5655-тен 1655-ке дейін), инфекциялық төсек орындарының жүктемесі 2,0 есеге 8-ден 4%-ға дейін, реанимациялық төсектер жүктемесі 3,5 есеге 7-ден 2% - ға дейін төмендеді.  

Өзгелердің жаңалығы