COVID-19: Тоқаев Мишустиннің тезірек емделіп кетуіне тілектестік білдірді

COVID-19: Тоқаев Мишустиннің тезірек емделіп кетуіне тілектестік білдірді
1314

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей премьер-министрінің коронавирус індетінен тез жазылып кетуін тілеп, жазба қалдырды. 

Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы күресте өзара белсенді әрекет етуде. Туындаған қиындықтарды бірігіп еңсереміз, - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, кеше Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустиннің жұқпалы індетке шалдыққаны белгілі болды.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы