COVID-19. Министрлік өлім-жітім статистикасына түсініктеме берді

23 Мамыр 2021, 15:41
2625
Бөлісу:
COVID-19. Министрлік өлім-жітім статистикасына түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың мамыр айында Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері деректері негізінде қалыптасқан 2020 жылғы КВИ-дан болған өлім-жітім бойынша ресми деректерді жариялады.

Жыл сайын статистикалық жұмыстардың бекітілген жоспарына сәйкес өткен жылы аталған рәсім осы жылдың сәуір айының соңында аяқталады.

Сондай-ақ, осы жылдың 4 айында және соңғы тәулікте КВИ-ден сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша Министрліктің жедел деректері жеке көрсетілді.

Сонымен қатар, ДДҰ КВИ-ді тіркеудің алғашқы күндерінен бастап ағымдағы күнге дейін тіркелген жағдайлардың саны бойынша статистикалық деректерді жариялауды ұсынады.

Осыған байланысты, Министрлік 2020 жылғы 13 наурыздан бастап өсу бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім көрсеткіштерін көрсете отырып және 2020 жылғы КВИ өлім-жітімі бойынша түпкілікті деректерді ескере отырып, ҚР ДСМ ресми ресурсында КВИ сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша ақпаратты ұсынудың бұрынғы форматына оралды – делінген хабарламада.

СЖжРЖА ҰСБ деректері бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша КВИ-ден қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады, оның ішінде«+» КВИ-ден  - 1 783, «-» КВИ-ден - 2 946.

Министрліктің жедел деректері бойынша 2021 жылғы 4 айда және 2021 жылғы мамырдың 20 күнінде КВИ-ден қайтыс болғандар саны 2 373 адамды құрады, оның ішінде «+» КВИ-ден - 1 984, «-» КВИ-ден - 389.

Өзгелердің жаңалығы