COVID – 19. Әлем бойынша науқастар саны 11 млн-нан асты

4 Шілде 2020, 11:15
1148
Бөлісу:
COVID – 19. Әлем бойынша науқастар саны 11 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 шілдедегі жағдай бойынша, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 11 миллионнан асты. Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университетінің деректерінде жарияланды.

Коронавирустан 500 мыңнан астам адам көз жұмды. АҚШ пен Бразилияда жұқтырғандардың ең көп саны тіркелген. 

Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19 індеті 11 031 905 адамнан анықталды, оның ішінде 523 777 қайтыс болды және 5 834 337 сауығып кетті.

Инфекцияның таралуы мен өлім-жітім бойынша көшбасшы АҚШ (2 788 395 жұқтырған, 129 306 қайтыс болған) және Бразилия (1 539 081 жұқтырған және 61 884 қайтыс болған) болып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда індет жұқтырғандар 44075-ке жетті. Сауығып шыққандар - 15276, көз жұмағандар – 188.

Өзгелердің жаңалығы